Хабарлама
«Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына 2023-2024 оқу жылына сағаттық жүйемен, алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәні бойынша оқытушысы қажет (уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына, 414 сағатпен).
2022 жылдың 19-28 қыркүйек күндері аралығында аталған уақытша бос орынға конкурсқа қатысуға құжаттар қабылданады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды.
1.Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат;
3.Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4.Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5.Психоневрологиялық, наркологиялық ұйымнан анықтама
6.Ұлттық біліктілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшаның, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
Мекеме мекен жайы: Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылы, Төлеби көш. 346 үй, тел. 8 /72547/ 5-13-79.