Біз туралы

Оқу орнының тарихы 

Көксәйек ауылындағы Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі 1958 жылы 20-ыншы наурызда Көксәйек (Георгиевка) машина–трактор станциясы және аудандық мәдениет үйінің негізінде №67 Георгиевка ауыл шаруашылығын механизациялау училищесі болып ұйымдастырылды. 1965 жылы аудандық кәсіптік училище болып өзгертілді. 1971 жылы №67 орта білім беретін кәсіптік техникалық училище болды. 1985 жылы қыркүйек айынан №24 орта кәсіптік техникалық училище болып құрылды.  1996 жылдың тамызынан №9 кәсіптік техникалық мектебі мемлекеттік мекемесі болып құрылды. 2004 жылдан бастап кәсіптік лицей, ал  2008 жылдың ақпан айынан №9 кәсіптік лицей мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып өзгертілді. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№9 колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. 2016 жылдың 05 сәуірінен бастап, Оңтүстік Қазақстан білім басқармасының «№9 колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып аталды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылдың 07 желтоқсан №344 қаулысы негізінде «Оңтүстік Қазақстан көпсалалы-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып өзгертілді. Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылдың 21 қаңтардағы №11 қаулысына сәйкес, Түркістан облысы білім басқармасының «Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып өзгертілді.Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылдың тамыз 02 күнінен бастап №160 қаулыға сәйкес, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі» МКҚК болып қайта аталды. Қазіргі таңда колледжді білікті басшы Жанәбіл Болат Серікұлы басқарады.

Меншік түрі: мемлекеттік (заңдық тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы №080240018618 берілгені   04.09.2019ж Акт ППЗ ( № KZ24REA00112763  тіркеу номері) берілгені 03.06.2019ж.

Ширек ғасырға тарта уақытта бұл білім нәрін сусындатқан қара шаңырақтың атауы бірнеше рет ауысып келеді. Әрине уақыт сынап тәрізді сырғи өтеді, кетеді. Алайда осы жылдар арасында атаулы білім мекемесі өсті, қанаты қатайды. Қара шаңырақтың өсіп, өркендеуі жақсы, парасатты, білімді басшылардың үлесі әрине бір төбе, ол аптал азаматтардың ерен еңбектерін елеп, аттарын атауға міндетіміз.

Әбутәліп Тілеубердіұлы 1958-1959 жылдары Көксәйек (Георгиевка) ауылшаруашылығын механизациялау училищесінің директоры қызметін атқарған.

Айдағараев Кемелбек 1959 жылдан 1964 жылға дейін Көксәйек (Георгиевка) ауылшаруашылығын механизациялау училищесінің директоры қызметін атқарған.

Тілеубердиев Әбділәміт  1964-1966 жылдары №67 ауылшаруа-шылығын механизациялау училищесінің директоры қызметін атқарған.

Марчук Андрей Гордеевич 1966-1967 жылары  аудандық кәсптік техникалық училищесінің директоры қызметін атқарған.

Юнусов Ташмет 1967-1972 жылдары Көксәйек ауылындағы №67 КТМ  директоры қызметін атқарған.

Усманова Софья Рахметовна 1971-1973 жылдары  Көксәйек ауылындағы №67 КТМ директоры қызметін атқарған.

Сауруков Ахатжапбар 1973-1976 жылдары Көксәйек ауылындағы 67 КТМ директоры қызметін атқарған.

Қожатаев Рахым Ыдырысұлы 1976-1987 жылдары Көксәйек ауылындағы 67 КТМ директоры қызметін атқарған.

Сейітұлы Жамбыл 1987-1997 жылдары Көксәйек кәсіптік техникалық мектебінің директоры қызметін атқарған.

Мәмбетқұлов Сыдық Кенжалыұлы 1997 – 2015 жыл  №9 колледж директор қызметін атқарған.

Жамшитов Рахымжан Матқалиұлы 2015-2016 жылдары №9 колледж директор қызметін атқарған.

Қазіргі таңда Түркістан көпсалалы-техникалық колледж директоры қызметін Жанәбіл Болат Серікұлы атқарып келеді.

Всего комментариев: 0