Өндірістік оқу жұмыстары
Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің “Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу” мамандығының 3-курс бітіруші топ студенттері облыс орталығы Түркістан қаласының индустриалды аймағында 2 га аумақта бой көтеріп , қарқынды жұмыс жасап келе жатқан “TURKISTAN TEXTILE” тігін фабрикасының жұмысымен танысты. Көршілес Өзбекстан мемлекетімен бірлесіп тұрғызылған аталмыш фабрика текстиль өнімдерін шығаратын қуатты , заманауи өндіріс орны. Қарқынды дамып келе жатқан фабриканың ашылуымен 1000ға тарта жұмыс орындары ашылды. Тігін фабрикасының жұмысымен таныстыру үшін колледждің аға шебері Ж.Раймқұловтың жетекшілігімен “Тігінші” мамандығының өнідірісте оқыту шеберлері Г.Тойлыбаева, А.Сапиева сондай -ақ бітіруші топ студенттері барды. Студенттерге тігін фабрикасында жасалған киім түрлері, арнайы киімдер таныстырылды. Сонымен қатар фабрикадағы заманауи құрал-жабдықтармен қалай жұмыс жүргізу керектігі түсіндірілді. Қазіргі таңда студенттер колледжде білімдерін әбден шыңдап , түлеп ұшуға дайын. Сондықтан болашақта осы тігін фабрикасына жұмысқа орналасу жайынан да хабардар болды. Колледж жастары “TURKISTAN TEXTILE” тігін фабрикасының жұмысымен танысып, жұмысшыларға сәттілік тілеп, фабрика өкілдерімен естелікке фотоға түсіп тарқасты.


Колледж студенттерінің өндірістік және технологиялық тәжірибелерін өткізу бағытында облыстық 65 кәсіпорынмен ынтымақтастық келісім- шарт жасалды. Атап айтқанда: «Сары-Айғыр» ӨК, «Бастау-Ақсу» ШҚ, «Бирлашуев» ӨК, «Ақсай» ӨК, «Бидайшы» ӨК, «Жұмағали» ШҚ, «Қожамбай ата» ЖШС, «Қожабек Датқа» ӨК, «Ерқанат» ШҚ, «Диас» ШҚ, “Шолақ Қорған” ШҚ, “Мағжан”ШҚ , “Алан-А” ЖК, «Умбеталиев» ШҚ, «Абдиманат» ЖШС, «Балдаурен-Шымкент» республикалық оқу-сауықтыру кешені, «Біркөлік» оңалту-сауықтыру кешені ЖШС, «Тау жұлдызы» тойханасы, «Балмұздақ» ЖШС, «LENGER TEXTILE» ЖШС, «Alatex» ЖШС, «Гауһар» ЖШС, «Golden Nomad» ЖШС, «Жібек Н.М.» ЖШС, ЖК «Усманова Х.М.», ЖК «Дилбаржан», ИП «Султанкулов М.», «Бастау-Ақсу» ШҚ, «Ақсай» ӨК, «Қожамбай ата» ЖШС, «Алан-А» ЖК, «Навруз ХХІ» Ө\К, ЖШС «CLObaI-GH», ГКП «Қуатжылу орталық», ЖШС «Са-мурат», ТОО, «Береке», Ө\К «Берік», ЖК «Ибтикар», ЖШС «Төлеби баспаханасы», ЖК «Мадибеков Е.Ж.» ЖШС «Жебе-LTD», ЖК «Сарсенов Е.К.», ЖК «Кошкарбаев К.Т.», ЖШС «Windows Com», ЖШС «Kaz Eco Pack» Филиал АО«Казтелерадио», Туркестанская ОДРТ және басқа да ондаған кәсіпорындар
Өндірістік тәжірибе келесідей кезеңдерден тұрады:
жұмысшы кәсібін алу тәжірибесі;
технологиялық тәжірибе;
дипломалды тәжірибе;
Өндірістік тәжірибе төмендегідей нысанда жүргізіледі:
өндірістік оқыту сабақтары;
өндірістік қызмет;
тәжірибелік сабақтар және өндірістік қызмет;
студенттердің тәжірибелік жұмыстарға қатысуы.
Ауылшаруашылығы мен түрлі сала мамандарын колледж базасында кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығында, жұмыс істеп тұрған жабдықтарда жұмыс істеуге арналған персоналды үнемі қайта даярлау және оқыту, өндірісте кадрларды даярлау және оны модернизациялау үшін оқыту өткізеді. Осы ынтымақтастық нәтижесінде серіктес кәсіпорындар қалған кәсіпорындарға қарағанда артықшылықтарға ие болады.
Біз жеке секторлардан инвестиция алу жолдарын іздеудеміз және сол арқылы жұмыс беруші мен түлек арасындағы қашықтықты азайтып, өндірістік шеберханалар мен зертханаларды жаңартып жатырмыз. «Дәнекерлеу ісі», «Ісмерлік шеберхана», «Автокөліктерді жөндеу және пайдалану шеберханасы», «Тракторлар мен машиналар зертханасы» және аумағы 125 м2 болатын заманауи үлгідегі «Аспаз» мамандықтарына арналған шеберханалар мен зертханалар ғимараттары салынды. 2018-2019 жылдары колледждің 2019-2022 жылдар аралығында колледж 300 маманға практикалық негіздерімен мамандар даярлау туралы үш жақты шарттар жасасты.
2016 жылдан қазіргі таңға дейін Төлеби ауданындағы «Ленгір машина жасау» ЖШС арасында кәсіптік білім беру және оқыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ «Балдаурен-Шымкент» РОСО, «Біркөлік» ОСО және «Пионер» ұн және кондитер фабрикасы ЖШС, «АГФ» тігін фабрикасымен, «Усманова Х» тігін цехтарымен де ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Всего комментариев: 0