Хабарлама

«Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық  қазыналық   кәсіпорны  бос  тұрған  өндірістік оқыту шебері  (дәнекерлеу ісі бойынша)  лауазымына  конкурс  жариялайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген  кандидаттар  келесі құжаттарды тапсырады:

1)  Құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2023 жылдың 17 – 25 қаңтар аралығы.

Мекен жайы: Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Төлеби көш. 346 үй.

Тел. 8/72547/5-13-79, 87016661940.


Жарияланды: 17.01.202308:31

Автор: