Оқу әдістемелік жұмыс

СТУДЕНТ ЖАСТАР ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАУДА

2021 – 2022 оқу жылының жоспарына сәйкес «Тамақтандыруды ұйымдастыру және тігін өндірісінде киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша әдістемелік бірлестіктің «Жас маман жобасы кәсіби дамудың негізі» тақырыбында іс-шара өтілуде.

Мақсаты. «Жас маман» жобасы шеңберінде қабылданған құрал-жабдықтармен жұмыс жасау, игеру ,бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

Өндірістік оқыту шебері Болысбек Айзада апайдың жетекшілігімен «Наубайшы» біліктілігі бойынша 87топ студенті Миятбек Райхан грузин ұлттық тағамы “Хачапури” және “Бургер нанын” дайындау бойынша шебер сынып көрсетті.


Білім беру бағдарламаларында әлеуметтік серіктестермен біріге отырып, бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау және студенттерді өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен облыстық тәжірибелік семинар өтті. Семинар ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде «Балдаурен –Шымкент» республикалық оқу сауықтыру орталығы мен ЖШС «Мадлен KZ» мекемесінің базаларында «Аспаз» мамандығының өндірісте оқыту шеберлерімен студенттерінің қатысуымен өткізілді. Семинарды Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Назым Жүнісова ашып берді. Сондай-ақ алғы сөз Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің директоры Болат Жанәбілге және «Балдаурен –Шымкент» республикалық оқу сауықтыру орталығы директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Әкімқызына берілді. Ары қарай семинардың бағдарламасына сәйкес шеберлік сыныптарымен жалғасты. Модуль1 бойынша «Ыстық тағамдарды әсемдеу» бойынша шеберлік сыныпты «Балдаурен –Шымкент» республикалық оқу сауықтыру орталығының асхана меңгерушісі Турапаева Бибігүл өткізсе, Модуль2 « Барби» тортын әсемдеу бойынша «МадленKZ» мекемесінің технологы Диляра Ниязованың жетекшілігімен «Кондитер» біліктілігі 2 курс студенті Исмина Курганова жалғастырды. Семинарды Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің әдіскері Азиза Қыпшағали қорытындылап сөз сөйледі.


​Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Наубайшы ісі» және «Кондитер» құзыреттілігі бойынша « Жаңа технологиялар- заман талабы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған іс-шара онлайн форматта ZOOM – интернет қосымшасы арқылы жүргізілді. ​ Семинарды колледж басшысы Болат Серікұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинардың бағдарламасы бойынша І модуль «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша , арнайы пән оқытушысы Б.Айтмұрзаева​ өз жетекшілігіндегі 2 курс студенті Ю.Гапуржановамен «Бородин» наны , «Багет наны» жасау бойынша шеберлік сынып көрсетілсе, ​ «Өрме наны» , «Тәтті тоқаш» дайындау бойынша​ өндірісте оқыту шебері З.Маханбетжанова өз жетекшілігіндегі 3 курс студенті М.Гапуржановамен шебер сынып көрсетті. Сондай –ақ 1 сортты ұннан дайындалған «Бөлке наны» және «Батон нанын» дайындау бойынша ө/о шебері А.Асылбекова өз жетекшілігіндегі 3 курс студенті М.Юсуповамен шебер сынып көрсетті.

ІІ модуль «Кондитер» құзыреттілігі бойынша өндірісте оқыту шебері Э.Байымбетова өз жетекшілігіндегі 2 курс студенті И.Кургановамен «Трайфл» десертін, вафли «Бельгийский» десертін дайындаудан шебер сынып көрсетті.

Іс-шара соңында ТжКБ беру ұйымының әдіскері О.Сұлтанбеков «Бүгінгі таңда ​ елімізде кәсіптік білімге ерекше назар аударылуда.Қабілетті , білімді, білікті жұмысшы маман дайындау басты мақсатымыз деп білеміз. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың болашағы біздің қолымызда» – деп өз сөзін қорытындылады.


“АС АТАСЫ НАН”

НАНДЫ ФОРМАЛАУ,ПІСІРУ,ӨРУ ТЕХНИКАСЫ ТАҚЫРЫБЫНДА ШЕБЕР – СЫНЫП

“Тағам өнімдері технология”ӘБ

1219000- Нан пісіру,макарон және кондитерлік өндірісі

121914 2- Наубайшы біліктілігі.

“Наубайшы ісі”құзыреттілігі бойынша

“Жас маман”жобасы аясында “Нанды формалау,пісіру, өру техникасы” тақырыбында шебер -сынып өтті. Шебер -сыныпқа құзыреттілікке қатысты колледждер қатысып, сабақ жақсы өз деңгейінде өтілді деп пікірлерін білдірді.


«Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі» МКҚК «Жарғысына» сәйкес оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы мәселелерін шешуде алқалылықты қамтамасыз ету үшін студенттерді оқыту мен тәрбиелеуге тікелей қатысатын колледж педагогтары мен қызметкерлерін, жұмыс беруші кәсіпорындарынан, ата-аналар комитетінен және колледждің Жастар комитетінің төрағасын біріктіретін педагогикалық кеңес құрылды және жұмыс істейді. Педагогикалық кеңес-бұл жоғары педагогикалық алқалы басқару органы, оның міндетіне білім беру процесінің сапасын, оның шарттары мен нәтижелерін орындау және жетілдіру кіреді.

Жыл сайын колледж бойынша бұйрықпен педагогикалық кеңестің құрамы бекітіледі. Педагогикалық кеңестің жоспарлы отырыстары екі айда бір рет кезеңділікпен өткізіледі, кезектен тыс отырыстар қажеттілігіне қарай өткізіледі. Педагогикалық кеңестің отырыстарында қаралатын мәселелер өзекті және бақылаушы, түзетуші, тәрбиелік, оқыту сипатында болады. Педкеңестің шешімдері арқылы, оларды орындау мерзімдері анықталды. Жоспарланған іс-шаралардың орындалуын бақылау жолға қойылған.

Педагогикалық кеңестің басты міндеттері:

  1. білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
  2. педагогикалық ұжымның қызметін оқу-тәрбие процесін жетілдіруге бағыттау.
  3. Колледждің жалпы әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыстың мазмұнын әзірлеу;
  4. инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің тәжірибелік қызметіне педагогикалық ғылым мен озық педагогикалық тәжірибені енгізу.
  5. техникалық және кәсіптік білім беру кадрларын даярлау бойынша нормативтік құқықтық актілерді орындау бойынша іс – шараларды қарау;
  6. оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстың жай-күйі, барлық оқыту бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелері, оқытудың жаңа технологияларын енгізу.
  7. әдістемелік бірлестіктердің, оқу – көмекші бөлімшелердің жұмыс жағдайы.
  8. орынбасарлардың, оқытушылар мен көмекші қызметкерлердің біліктілігін арттыру, біліктілікті арттырудың жаңа формаларын қолдану мәселелері;
  9. студенттерді қабылдау, бітіру және жұмысқа орналасу мәселелері;
  10. студенттердің тәртіптік жағдайы, үлгерімі нашарлығы, ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны және жатақханада тұрғаны үшін студенттерді шығарып салу, сонымен қатар кейбір жағдайларда студентті білім беру ұйымында қалпына келтіру мәселелері;
  11. оқу процесін компьютерлендіру жағдайы;
  12. студенттер контингентін сақтау;
  13. студенттерге тұлғалық-бағдарлы тәрбие және білім беру;
  14. еңбек нарығының және республика экономикасының даму перспективаларына сәйкес оқыту мәселелері.

Педагогикалық кеңестің шешімдері бақыланады, жауапты адамдар оқу –тәрбие процесін ұйымдастыруды жақсартуға ықпал ететін шешімдердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді.

Колледжде Қамқоршылар кеңесі 2018 жылдан бастап жұмыс істейді, оның құрамына әлеуметтік серіктестердің, жергілікті атқарушы органдардың, ата-аналар қауымдастығының өкілдері, барлығы 7 адам кіреді.

Қамқоршылық кеңестің құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережесінің негізінде бекітілді.

Колледждің Қамқоршылық кеңесі келесі функцияларды атқарады:

  • колледж студенттерінің құқықтарының сақталуын қоғамдық бақылау жүзеге асырады;
  • колледжді дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар жасайды;
  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ұйымдастыру шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  • қайырымдылық көмек түрінде алынған қаражатты бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
  • колледж басшысының есептерін тыңдайды;
  • колледж қызметі бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады.

Всего комментариев: 0