Педагогикалық құрам

“Педагогикалық қызметкерлер және оқытудың тиімділігі”

«Түркістан көпсалалы-техникалық» МКҚК оқытушылары студенттерге қолжетімді білім беру қызметінің басты ресурстарының бірі болып табылады. Колледждің жұмысқа қабылдау кезінде нақты, ашық және әділ талаптарды, жұмыспен қамту шарттарын және олардың біліктілігін арттыруды белгілейтін кадрлық саясаты бар. Колледждің кадрлық саясатының негізгі міндеттері: кадрлық құрамды тұрақтандыру; педагогикалық және өзге де қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың тиімді жүйесін құру; колледжде ұйымдастыру тәртібін құру және қолдау, лауазымдық міндеттерін орындауға қызметкерлердің жауапкершілігін, орындаушылығын арттыру, еңбек тәртібін нығайту; қызметкерлерді оқыту жүйесін жетілдіру және біліктілігін арттыру; колледждің іскерлік корпоративтік мәдениетін қалыптастыру.

Сапа саласындағы саясат колледждің барлық қызметкерлеріне көрнекі үгіт әдістерімен, педагогикалық кеңес отырысы барысында барлық деңгейдегі түсіндірмелермен, қызметкерлердің жалпы жиналысын өткізу және жұмысқа қабылдау кезінде жеткізіледі.

Колледждің білім беру қызметін лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес инженерлік-педагогикалық қызметкерлері бар. Кадрлық әлеуетті талдау педагогикалық қызметкерлердің сапалық құрамы жеткілікті жоғары және талаптарға сай екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта колледжде оқытушылық қызметті 75 штаттық оқытушы жүргізеді,бұл 100% құрайды. Жоғары білімді 75 оқытушы (100%). Жоғары және бірінші біліктілік санаты бар штаттағы оқытушылар – 28 (40%). 4 оқытушы білім беру ісінің үздігі, 7 оқытушы магистр, 1 оқытушы «Педагогика майталманы-2020» дәрежесіне ие. Колледждің штаттағы оқытушыларының жалпы оқытушылар құрамының үлесі белгіленген нормаларға сәйкес келеді.

 

Атауы Жүктеу
1 Бекітемін
2 Тізім

Всего комментариев: 0