Түлектердің жұмыспен қамтылуы мен бейімделуі туралы
Оқытудың сапасын бақылау жүйесі ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізуге талаптар арқылы жүзеге асырылады. Үлгермеуші студенттер бөлім меңгерушісімен, директордың оқу жұмысы бойынша орынбасарына, колледж директорына әңгімеге шақырылады, әдістемелік бірлестіктің, оқу тәрбие комиссиясының отырыстарына шақырылады.
Барлық оқытушылар директордың бекіткен кестесі бойынша қосымша сабақтар жүргізеді, мұнда оқушы қалып қойған сабақтардың материалдарын меңгеру мүмкіндігін алады.
Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары, бөлім меңгерушілері пәндер бойынша қосымша сабақтардың өткізілуін бақылайды, ай сайын топтар мен пәндер бойынша үлгерім, білім сапасы және қатысу мониторингін талдайды.
Түлектердің МЖББС талаптарын орындауға дайындық деңгейі қорытынды аттестаттауда анықталады.
Студенттердің ағымдағы, аралық және қорытынды жетістіктерін оқыту процесінде бағалау әділдігі мәселесі оқушылардың мотивациясымен және мамандар дайындау процесіндегі студенттердің білімді меңгеру сапасымен тығыз байланысты.
Колледж студенттерінің қанағаттану деңгейін мониторингтеу шеңберіндегі өткізілген зерттеулерді талдай отырып келесі қорытыныларды жасауға болады:
- колледждің студенттерінің басым бөлігі жалпы өз студенттік өміріне қанағаттанады;
- студенттердің 89 % астамы колледжде оқу беделді деп санайды;
- олар колледжді оқу үшін таңдаған себебі бұл жерде жақсы білім береді деп санайды.
Жыл сайын мемлекеттік тапсырыстың бөлінуі оқу орындарында кәсіпорындардың мамандарға қажеттілігінің мониторингі есебінен қалыптастырылады.
Оқу жылы | контингент | қабылдау | бітіру | Жұм. Қамт адам % | ЖОО түсу | Ерекше үлгідегі диплом | Оқудан шыға рылды | ауысу | |||||||
барл | Мем тапс адам | Оқ ыту мемл тілі | барл | Мем тапс адам | Оқ ыту мемл тілі | барл | Мем тапс адам | Оқ ыту мемл тілі | Колледжге келген | Колледжден кеткен | |||||
2015-2016 | 414 | 414 | 414 | 125 | 125 | 125 | 159 | 159 | 159 | 104 | 5 | 11 | – | 3 | 6 |
2016-2017 | 391 | 391 | 391 | 150 | 150 | 150 | 168 | 168 | 168 | 165 | 3 | 22 | – | 4 | 3 |
2017-2018 | 542 | 542 | 542 | 325 | 325 | 325 | 170 | 170 | 170 | 110 | 9 | 16 | – | 3 | 7 |
2018-2019 | 739 | 739 | 715 | 368 | 368 | 368 | 250 | 250 | 250 | 134 | 21 | 9 | 43 | 1 | 4 |
2019-2020 | 615 | 615 | 591 | 184 | 184 | 184 | 229 | 229 | 229 | 5 | 2 | 6 |
Студенттердің колледжде оқуына бейімделуі өзімен көпдеңгейлі процесті көрсетеді, ол өзіне әлеуметтік психологиялық бейімделудің құрамдас элементтерін қосады және студенттердің зияткерлік және жеке мүмкіндіктерін дамытуға ықпал етеді.
Студенттік контингенттің қалыптасуы мен қозғалысы оқуға қабылдау ,сондай ақ ауыстыру мен студенттерді қалпына келтіру есебінен жүргізіледі.
Қабылдау шарттары мен ережелері, оқуға қабылдау, ауыстыру мен қалпына келтіру процедурасы туралы ақпарат колледж стендтерінде ілінеді.
Студенттерді ауыстыру мен қалпына келтіру процедурасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің уақытша міндетін атқарушысының 2015 жылғы 6 қарашадағы №627 бұйрығымен бекітіліген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы оқушыларды ауыстыру және қалпына келтіру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
Сабақтар оқу процесінің кестесіне сәйкес өткізіледі.
Контингенттің қозғалысы оқудан шығару, ауыстыру, қалпына келтіру нәтижесінде жүреді.
Студенттерді оқудан шығару ҚР Білім және ғылым Министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 “Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы” 13.05.2016ж №318 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады, және колледж Жарғысымен реттеледі. Колледжде контингенттің сақталуы бойынша ай сайын топтар бойынша ата-аналар жиналысы өткізіледі, топ жетекшілерінің студенттермен және олардың ата-аналарымен жеке жұмысы жүргізіледі. Ай сайын курс бойынша оқу үлгерімі мен білім сапасын таныстырумен жұмыс линейкасы және топтар бойынша әр аптаның дүйсенбі күндері тәрбие сағаттары өткізіледі. Нәтижесінде колледж контингенті соңғы жылдары 739-602 аралығында тұрақты. Бітірушілерді қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген “білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне” сәйкес жүргізіледі және колледжде білім алушыларды қорытынды аттестаттауды және кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды және біліктілікті беруді қамтиды. Қорытынды аттестаттауды өткізу үшін бір ай бұрын колледж директорлары құрылады.
Комиссия техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жалпы білім беру стандартында белгіленген студенттердің теориялық және практикалық дайындық деңгейінің сәйкестігін; нақты білім, білік және арнайы пәндер деңгейін, олардың колледждің барлық мамандықтары бойынша оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкестігін анықтайды.
Студенттерді қорытынды аттестаттау оқу процесінің графигінде және жұмыс оқу жоспарларында қарастырылған мерзімде өткізіледі, Арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихан тапсыру немесе дипломдық жобаларды қорғау түрінде өткізіледі. Кешенді мемлекеттік емтихандар және дипломдық жобаларды қорғау түріндегі мемлекеттік қорытынды аттестаттау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес жүргізіледі. Жалпы дипломдық жобалар талаптарға сәйкес сапалы орындалады. ОПП және ДК бойынша біліктілік емтиханын табысты тапсырған студенттерге нақты мамандық бойынша тиісті разряд, біліктілік деңгейі беріледі және біліктілік беру туралы сертификат беріледі.
Бітірушілерге білім туралы құжаттарды беру және ресімдеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы №39 “Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы” бұйрығына сәйкес және колледж директорының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Білім туралы құжаттарды беру есебі “Диплом беру кітабында” жүргізіледі.
Білім туралы құжаттарды және дипломға қосымшаларды толтыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2007 жылғы 21 қарашадағы №565 бұйрығымен бекітілген “Білім туралы құжаттарды ресімдеу жөніндегі талаптарға” сәйкес жүзеге асырылады. Дипломға қосымша студенттердің оқу жүктемесін орындағаны туралы ведомость негізінде және МЖМБС және оқу жұмыс жоспарында көзделген көлемде пәндер бойынша алған бағаларымен толтырылады. Дипломға қосымшада сағат көлемі көрсетілген әрбір оқу пәні бойынша қорытынды бағалар жазылады.
Бітірушілердің практикасын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №107 бұйрығымен бекітілген “кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу Қағидаларына және практика базасы ретінде ұйымдарды анықтау қағидаларына” сәйкес жүзеге асырылады. Практикалардың мерзімі мен мазмұны оқу жұмыс жоспарларымен, оқу процесінің графигімен және оқу жұмыс бағдарламаларымен анықталады. Практика бағдарламасы ӘБ отырысында қаралады, практика базасы ретінде анықталған кәсіпорындармен келісіледі және директормен бекітіледі.
Түлектердің практика базасы ретінде анықталған ұйыммен оның түрін көрсете отырып, практика өткізу туралы шарт жасалады, бүгінгі күні жұмысқа орналастыру 71% құрайды.
Студенттер мен түлектердің дайындық сапасы туралы пікірлер кәсіби тәжірибе бойынша есептерде және біліктілік комиссиясы төрағаларының есептерінде көрсетілген, олар дайындық деңгейінің жұмыс берушілердің қазіргі заманғы талаптарына сәйкестігін көрсетеді.
Всего комментариев: 0