ЖАСТАРМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ.

ЖАСТАРМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ.
Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі “Жастар кеңесінің” жұмыс жоспарына сәйкес 1- курс студенттерімен оқу орнының басшысы Жанәбіл Болат Серікұлының ашық кездесуі өткізілді. Кездесу барысында колледж басшысы студенттерді колледж тарихымен таныстырып , қазіргі уақыттағы тыныс тіршілігі жайында , пікірсайыс, көңілді тапқырлар клубы, өзін – өзі басқару, саналы ұрпақ, жатақхана жастарының тыныс тіршілігі, Қазақстанның көрікті жерлеріне бағытталған экскурсиялар туралы əңгіме өрбітті. Жастарға алдағы оқу жылына сəттілік тілеп, колледжді бірге дамытуға белсенді түрде атсалысуға шақырды. Жастар жағы колледж басшысына алғыстарын білдіріп , колледждің жастар саясатын жүргізуде алға қойған мақсаттарға жетіп, аянбай еңбек етуге ықыластарын білдірді.

Жарияланды: 14.11.202209:47

Автор: