Жастар ресурстық орталығының

Бүгін аудандық мәдениет үйінде “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен жазушы, драматург, Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің түлегі, «Зайтуна» әңгімесінің, «Дүрбелең», «Үш Татьяна», «Алтын жүзік» кітаптарының, Қазақ теледидарының алтын қорында сақталған «Қобызшы Молықбай» атты повесінің авторы, «Қазақ әдебиеті» газетінің 1989 жылғы лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әдебиет саласындағы халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Серік Жанәбіл ағамызбен ашық форматта әдеби кездесу өтті.

Шараға Түркістан көпсалалы – техникалық колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолшыбеков Бекқали Нұрсейітұлы және осы колледждің белсенді студенттері қатысып, Серік ағамыздың «Алтын жүзік» кітабының жазылу тарихы жайлы кеңінен әңгімеленіп, оқырмандардың басқа да көптеген сауалдарына белді драматург тарапынан жауап берілді. Сондай-ақ, жас әдебиетшілер жазушының шығармашылық жолымен танысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, өнер жолындағы жетістіктерімен, болашақтағы жоспарларынан xабардар болды.


Жарияланды: 14.11.202210:08

Автор: