«ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР- ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

​Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Наубайшы ісі» және «Кондитер» құзыреттілігі бойынша « Жаңа технологиялар- заман талабы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған іс-шара онлайн форматта ZOOM – интернет қосымшасы арқылы жүргізілді. ​ Семинарды колледж басшысы Болат Серікұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинардың бағдарламасы бойынша І модуль «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша , арнайы пән оқытушысы Б.Айтмұрзаева​ өз жетекшілігіндегі 2 курс студенті Ю.Гапуржановамен «Бородин» наны , «Багет наны» жасау бойынша шеберлік сынып көрсетілсе, ​ «Өрме наны» , «Тәтті тоқаш» дайындау бойынша​ өндірісте оқыту шебері З.Маханбетжанова өз жетекшілігіндегі 3 курс студенті М.Гапуржановамен шебер сынып көрсетті. Сондай –ақ 1 сортты ұннан дайындалған «Бөлке наны» және «Батон нанын» дайындау бойынша ө/о шебері А.Асылбекова өз жетекшілігіндегі 3 курс студенті М.Юсуповамен шебер сынып көрсетті.

ІІ модуль «Кондитер» құзыреттілігі бойынша өндірісте оқыту шебері Э.Байымбетова өз жетекшілігіндегі 2 курс студенті И.Кургановамен «Трайфл» десертін, вафли «Бельгийский» десертін дайындаудан шебер сынып көрсетті.

Іс-шара соңында ТжКБ беру ұйымының әдіскері О.Сұлтанбеков «Бүгінгі таңда ​ елімізде кәсіптік білімге ерекше назар аударылуда.Қабілетті , білімді, білікті жұмысшы маман дайындау басты мақсатымыз деп білеміз. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың болашағы біздің қолымызда» – деп өз сөзін қорытындылады.


Жарияланды: 01.03.202116:42

Автор: