ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ОНЛАЙН ФОРМАТТА БАСТАЛДЫ

Бүгін жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күні. Осы күні ұстаздар мен студенттер сағыныса көрісіп, білім шаңырағында қауышатын күн. Алайда биылғы 2020-2021 оқу жылы елдегі эпидемиялогиялық жағдайға байланысты қашықтықтан онлайн форматта жүргізілетін болады. Бүгінгі айтулы мерекеде алғашқы білім күнімен колледж басшысы Жанәбіл Болат Серікұлы ұстаздар мен студент жастарды тікелей байланыс арқылы онлайн жүйесінде құттықтады. Болат Серікұлы ұстаздар мен студенттерге жаңа серпін, шығармашылық табыс тіледі. Елдегі қиын жағдайға қарамастан қашықтықтан оқытуда аянбай еңбек етуге, оқу барысына ұқыптылықпен тиянақты қатысуларына тілек білдірді.

Оқу жылының бірінші сабағын ұстаздар еліміздің негізгі Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 25 жылдығына арналған “Конституция – біздің болашағымыз!” тақырыбында өтті.Сондай -ақ білім күні “Қазақстан Республикасының Конституциясының құндылықтары”, ” Біз жемқорлыққа қарсымыз, коғам мүдделеріне сатқындыққа қарсымыз” , “Менің өмірімдегі Конституцияның рөлі” сынды тақырыптық тәрбиелік іс-шараларға арналды


Жарияланды: 16.09.202009:03

Автор: