“Қыз мінезді, Ұл өнерлі болсын” тақырыбында ауқымды іс-шара аталып өтілді.

03.03.2022 жылы Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің АКТ залында облыстың педагог-психологтарына арналған 2021-2022 оқу жылының жоспарына сай, жастар арасында өз-өзіне қол жұмсауға жол бермеу және ерте жүктіліктің алдын-алу түсіндірме жұмыстары бойынша “Қыз мінезді, Ұл өнерлі болсын” тақырыбында ауқымды іс-шара аталып өтілді. Аталмыш іс-шараға:

-Түркістан облысы Төлеби аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы – С. Бекмурзаев.
-Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ-нің Төлеби аудандық филиалының басшысы – Е. Айтжанов.
-Қазақстан халықтар ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық “Аналар” кеңесінің төрайымы А. Рахышева мен осы кеңестің тағы бір мүшесі Ұ. Өмірәлиева аналарымыз қатысты.
Іс-шара барысында ағаларымыз бен аналарымыз колледж студенттеріне жағымсыз жат қылықтардан аулақ болуларына, қыздарымызға және ұлдарымызға болашақ маман иелері, болашақ жақсы ана, жақсы әке, өздерінен кейінгі жастарға үлгілі аға-әпке ретінде тәрбиеленіп өсулері үшін өз ақыл кеңестерін жеткізді. Кездесу барысында барша студент жастарды келіп жеткен көктем мерекелерімен, алдағы “8-наурыз” халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады!


Жарияланды: 04.03.202214:42

Автор: