ТЕРІС АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ ЖОЛЫ – ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ.

ТЕРІС АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ ЖОЛЫ – ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ.
Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінде жастарды кереғар діни ағымдардың жетегінен сақтану, діни сауаттылықтарын арттыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Төлеби ауданы “Жастар ресурстық ортылығының”теолог маманы Тұртаев Дәурен Асанұлының қатысуымен “Діни ағымдардан сақтану және экстремизммен күрес” тақырыбындағы колледж жастарымен кездесу өтті. Кездесу барысында колледж жастары өздерін толғандырған сауалдарға толыққанды жауап алды. Кереғар ағымдардың халыққа тигізер зияны орасан зор екені айтпаса да түсінікті. Зайырлы мемлекетімізге үлкен қауіп төндіріп отырған мұндай ұйымдардың жұмысына тосқауыл қою, алдын-алу шаралары бойынша насихат жұмыстарын жүргізу өте маңызды.

Жарияланды: 14.11.202210:22

Автор: