ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАР ЖҮРЕГІМІЗ!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған апталық іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінде “Тәуелсіздік деп соғар жүрегіміз” тақырыбында іс-шара өтті. Меркелік кештің ұйымдастырушылары колледж оқытушылары Д.Рассульметова, Ж. Тажибекова , М.Сұлтанқұлова .Іс-шараның басты қонақтары сонау 1986жылдың ызғарлы желтоқсан оқиғасының куәгерлері, колледжімізде 20жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан Рашид Ахметов ағамыз бен Рабиға Тұрашбекова апайымыз қатысты. Аталған іс-шараны колледж директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Жолшыбеков ашып, игі тілегін айтты. Іс-шара барысында қонақтарға сөз беріліп, қонақтарымыз жастарға деген ыстық ықыластары мен ізгі тілектерін білдірді. Атаулы мерекеге арналған іс-шара колледж өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.