СТУДЕНТТЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ КЕШІ

Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі студенттері үшін керемет күн болды. Колледж табалдырығын аттаған 1 курс студенттері салтанатты түрде студент атанып, қолдарына студенттік билеттерін алды. Колледждің педагог ұйымдастырушысы, музыкалық, көркемдік жетекшісінің жəне “Жастар ұйымы Студенттік парламент” ұйымдастыруымен өткен студентке арнау кешінде, колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Жолшыбеков және оқу бөлімінің меңгерушісі М.Есімбеков құттықтау сөз сөйлеп студенттерге салтанатты түрде студенттік билет табыс етті.

60 – жылдық тарихы бар оқу орны талай саңлақтарды тəрбиелеп, кəсіптік -техникалық мамандарды даярлап шығарды. Енді міне тағы да жаңа буын жастармен толықты. Болашақ мамандық иесі болуға , өз ісінің шебері болуға келген жеткіншектерге білім беруде аянбай еңбек етуге əрдайым дайынбыз!
Түркістан Көпсалалы-техникалық колледжі


Жарияланды: 09.11.202109:05

Автор: