«СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ»

Түркістан облысы, Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»  ұйымдастыруыменТөлеби ауданының 90 – жыл толуына орай ,жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру,  студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану, бұқаралық спортты дамыту, құқықбұзушылық, қылмыс, нашақорлықтың алдын алу мақсатында 15.03.2022 күні Түркістан көпсалалы – техникалық колледжі базасында спорттың 5 түрінен: Волейбол (ұлдар – қыздар), Үстел теннисі, Гір тасын қөтеру  (16 кг бойынша), Арқан тарту, Қол күрестіруден үш колледж студенттері, яғни  Түркістан көпсалалы – техникалық колледжі, № 8 кәсіптік – техникалық колледжі және Мейр –Бейс медициналық колледжі» арасында  спорттық жарыстар өтті. Жарыстың ашылу салтанатын Төлеби аудандық мәслихат депутаты, «Аманат» партиясы жастарды қолдау кеңесінің төрағасы М.Тұрымбетов, Түркістан көпсалалы – техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Жолшыбеков, Төлеби аудандық ішкі істер бөлімінің полиция майоры М.Камалов және Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің басшысы П.Ескулов сөз сөйлеп, студенттерді бос уақыттарын тиімді пайдалана білуге, спортты серік етуге, салауатты өмір салтын толыққанды ұстануға шақырып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталған спорт түрлерінен өзара бәсекеге түскен колледж студенттері барын салып бақты, бақылаушылар мен төрешілердің әділ шешімі бойынша – топтық жарыс  волейбол мен арқан тартысудан  5-ұпай нәтижесімен Түркістан көпсалалы – техникалық колледжі, қол күресінен Мейр – Бейс колледжінің студенті Мүсірепәлі Мұхаммед, үстел теннисінен Түркістан көпсалалы – техникалық колледж студенті ұлдар арасында Жолдас Елнұр, ал қыздар арасында Нәрікбай Аружан, гір тасын көтеру (16 кг), бойынша Түркістан көпсалалы – техникалық колледж студенті Мелдебек Жансерік сурылып алға шықты. Достық кездесу соңында жеңімпаз топтар мен спортшы студенттерге Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі жанындағы «Жастар ресурстық орталығы» – ның алғыс хаттары мен мадақтамалары табысталды.


Жарияланды: 16.03.202209:49

Автор: