“РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ” БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ПІКІР САЙЫС ТУРНИРІ

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Түркістан облысы бойынша ТжКБ беру саласының 2020-2021 оқу жылдарының медиа жоспарының 2-қосымшасы бойынша Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің ұйымдастырумен ТжКБ беру ұйымдарының білім алушылары арасында “Рухани жаңғыру” бағдарламасының қағидаттары мен құндылық бағыттарын талқылауға арналған облыстық пікір сайыс турнирі өткізілді. Аталған іс-шара “ZOOM” интернет платформасында онлайн режимде өтті. Пікір сайысқа облыс көлемінде 27колледжден 72студент қатысып , өз ойларын ортаға салды. Пікір сайыс бағдарламасына сәйкес студенттерге “Рухани жаңғыру” бағдарламасының басым бағыттары мен таяу жылдардағы міндеттерін іске асыру бойынша сұрақтар қойылып, осы тұрғыда колледж жастарынан тұщымды жауаптар айтылды. Атап айтар болсақ , Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлы-техникалық колледжі студенті Мұса Ұлбала, М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің студенті Қаржауов Медеу, Сарыағаш медресе колледжінің студенті Оразақұл Шерхан, Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің студенті Әшімбекова Мерей, Қапланбек жоғары аграрлық колледжінің студенті Тұрғанбек Асылхан, Көпсалалы индустриалды -техникалық колледжінің студенті Айдар Рабиға сынды студенттер ерекше белсенділігімен көзге түсе білді. Сарапшылар алқасының шешімімен пікір сайыста оз ойларын нақты , толыққанды жеткізіп жоғары нәтиже көрсеткен студенттер Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі директорының “Алғыс хаттарымен” марапатталатын болады. Пікір сайысқа қатысқан барлық студенттерге алғыс айтамыз!

 

 

 


Жарияланды: 27.10.202008:54

Автор: