ӘРІПТЕСТІК МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

3-4 маусым күндері Өзбекстан Республикасы Құрылыс министрлігінің ұйымдастыруымен Ташкент қаласындағы Ташкент құрылыс және ұлттық қолөнер колледжінің базасында халықаралық семинар өтті. Семинарға Қазақстан, Ресей,Украина, елдерінің өкілдері қатысты. Аталған семинарға Түркістан облысы Төле би ауданы Көксәйек ауылында орналасқан Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Ж.Сарсаулетов қатысты. Халықаралық семинар шеңберінде семинарлар мен шебер -сыныптар арқылы тәжірибе алмасу мақсатында Ташкент құрылыс және ұлттық қолөнер колледжі мен Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі арасында “Тігінші”, ” Аспаз”,”Наубайшы”,” Дәнекерлеу ісі ” мамандықтары бойынша әріптестік меморандумға қол қойылды. Әріптестіктің арқасында екі елдің озық тәжірибелері болашақ жұмысшы мамандарды даярлауда үлкен септігін тигізері сөзсіз.


Жарияланды: 10.06.202119:48

Автор: