ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ САБАҚТАРЫНДА ОЗЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАШИНАЛАРЫН ​ ПАЙДАЛАНУ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Жас маман» жобасы бойынша алынған ауылшаруашылық техникаларымен фермер шаруашылығы бойынша білім алып жатқан студенттерге өндірістік шаруашылықты тәжірибе жүзінде үйрету. Бәсекеге қабілетті, білімді , білікті шет елдік техникаларды озық меңгерген​ мамандарды дайындау мақсатында онлайн форматта ZOOM платформасында облыстық семинар өткізілді. Семинарды Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің фермер шаруашылығы​ мамандығын бөлім меңгерушісі А.Медешов​ ашып, семинардың сәтт өтуіне тілек білдірді. Одан әрі семинар бағдарламасына сәйкес арнайы пәндер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі ​ Р.Ахмедов ​ «Жас маман» ​ жобасы бәсекеге қабілетті , білікті маман даярдаудың кепілі тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар Өндірісте оқыту шеберлері Ж.Жунусов ​ ПЛН 4- 35 соқасын ​ ​ Беларус 102.5.2 тракторға тіркеп жер жырту бойынша шебер сынып, Ө-ө/о шебері Қ.Қалданов «Топырақтың үстіңгі қабатын қосқатарлы дискілі тырмамен майдалап тегістеу бойынша бейне баяндама, , ө/о шебері Б.Кемешов Сеялка Agrolead Lena-24 сеялкасымен мақсары мен жоңышка тұқымын себу бойынша бейне баяндама көрсетсе, арнайы пән оқытушылары Б.Мыңбаев, Н.Дауылбаев , С.Еспенбетов Мещера –Е403 өздігінен жүретін шөпшапқыш және КПС-4 жер бетін қопсытуға аранлған култиватор бойынша бейне баяндама көрсетті. Семинарды «Фермер шаруашылығы» құзыреттілік орталығының маманы Е.Алтынбеков қорытындылады.


Жарияланды: 10.06.202119:54

Автор: