НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінде 1-Наурыз Алғыс айту күніне орай мерекелік концерт болып өтті. Іс-шараға Төлеби аудандық “Қоғамдық келісім “кеңесінің төрағасы С.Бекмурзаев жəне Түркістан облысы əкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” КММ-нің Төлеби аудандық филиалының маманы Б.Кашкенов қатысты.
Алғыс айту күні – бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Жас ұрпаққа үлгі, ел келешігінің тұтқасын ұстар жастарға өнегелік мәні бір Алғыс айту мерекесі құтты болсын!

 


Жарияланды: 03.03.202015:10

Автор: