Мемлекет басшысының 2021 жылғы 19 шілдедегі №624 жарлығы

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 19 шілдедегі №624 Жарлығына сәйкес, ұлт ұстазы, тіл білімінің атасы, алаш қайраткері А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Түркістан көпсалалы – техникалық колледжі «Гуманитарлық пәндер»​ ПЦК оқытушыларының 05.09. – 15.09.2022ж. аралығында жүргізетін жұмыстарының кестесіне сәйкес бүгін кітапхана меңгерушісі Серсаулетова Гулнара ақынның өмір тарихынан сыр шертетін бұрыштама ұйымдастырды. Бұрыштамада қоғам қайраткерінің кітаптары, аудио және бейне жазбалары, тағы да басқа еңбектері қойылды. Шараны ұйымдастырудағы мақсат: Белді тұлғаның өміріне, шығармашылығына, елге жасаған өлшеусіз қызметіне, тарихына шолу жасау. Колледж қызметкерлері мен студенттеріне айтулы тұлғаның өмірін үлгі ете отырып отанға деген сүйіспеншілгін арттыруға түрткі болу.


Жарияланды: 14.11.202210:27

Автор: