ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНІҢ ТАҒАМ ТҮРЛЕРІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ДАЙЫНДАУ ТӘЖІРИБЕСІ

      Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданы Көксәйек ауылында орналасқан Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі базасында «Әлем елдерінің тағам түрлерін инновациялық технологиялармен дайындау тәжірибесі» тақырыбындағы  облыстық семинар өтті. Семинардың басты мақсаты «Жас маман» жобасы аясында кәсіби дамудың негіздері , өндірістік оқыту сабақтарында, кадрлар даярлауда заманауи технологияларын меңгеру, іс-тәжірибелік  практикадан өткізу, білікті, білімді,бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие  мамандарды дайындау, кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу барысында   ынтымақтастықты дамыту. Семинарға облыстағы колледждерден аталған құзыреттілік бойынша 120 делегат қатысты. Семинарды ҚР Білім және ғылым министрлігінің «TALAP» акционерлік қоғамының   бас менеджері Әлсейітова Гүлдана Исламқызы жүргізді.  Облыстық семинарды Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің директоры  Жанәбіл Болат Серікұлы ашып , «Тамақтандыруды ұйымдастыру» саласы, сонымен қатар «Жас маман» жобасы бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар бойынша айтып өтті. Келесі болып сөз алған «TALAP» КеАҚ   бас менеджері Әлсейітова Гүлдана Исламқызы республика бойынша «Жас маман» жобасының жүргізілу барысы , тиімді тұстары мен жаңашылдығы жайында бірқатар ақпараттарымен бөлісті. Сондай-ақ  Түркістан облысы «Техникалық және кәсіптік білім беру» кафедарасының әдіскері Дүйсебаева Жанар Жолдасбекқызы «Халықаралық стандарттарды енгізу бойынша колледждерде «Жас маман» жобасының жүргізілу барысымен таныстырды.
Семинар барысында бағдарламаға сай  «Кадрлар даярлауда заманауи білім беру технологияларының тиімділігі» тақырыбында өндірістік цехтарда шебер сыныптар көрсетілімі өткізілді . Атап айтқанда «Наубайшы ісі» құзыреттілігі  Нан  өнімдерінің түрлері: «Фитнес ход – дог» , «Қызылша наны» , «Жарма наны», «Асқабақ  наны» пісіру бойыша «Riсh villa»  мейрамханасының бас аспазы (әлеуметтік серіктес) Г.Назарбекова сонымен қатар Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің өндірісте оқыту  шебері А. Асилбекова А.Болысбек және 2 курс студенттері Қ. Мұздыбаева А. Алдонғаровалар шебер сынып көрсетті.
«Кондитер ісі» құзыреттілігі бойынша торт «Ягодная поляна», «Пирожные белоснежка», «Шоколадное пирожное», «Печенье «Песочный цветок» коктейль түрлері «Сакура», кофе түрлері «Кофе эспрессо» «Капучино» «Американо» «Черный  шоколад», Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің өндірісте оқыту  шебері Арнайы пән оқытушысы М. Жумабекова 3 курс студенттері: И.Курганова,  А.Түзелбек , Л.Лосева шебер сынып көрсетті.
«Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша Құс етінен дайындалған тағамдар қуырылған тауық  «Джулии Чайлд» , сиыр етінен дайындалған стейк  «Рибай» , екінші тағамдарды әр түрлі гарнирмен мармиттерде  ұсыну бойынша Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің өндірісте оқыту  шебері З. Махамбетжанова, арнайы пән оқытушысы Б.Айтмурзаева , 3 курс студенттері Умаров Ф.Баялы  А.Махамадов С. шебер сынып көрсетті
Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі Жас маман жобасы аясында әлемдік деңгейдегі материалдық техникалық базамен қамтамасыз етілген Республикадағы үздік 180 колледж құрамына енген оқу ордасы. Бүгінгі таңда аталған колледжде Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша арнайы құзыреттілік орталығы статусы берілген. Алдағы уақытта Түркістан облысының барлық колледждері тамақтандыру, кондитер ісі, наубайшы мамандықтары бойынша осы колледжде біліктіліктерін арттырып, кәсіби шеберліктерінен өтетін болады. Жұмысшы мамандарды даярлауда Жас маман жобасы үлкен серпіліс берді.


Жарияланды: 27.11.202107:25

Автор: