КОЛЛЕДЖДІҢ БІТІРУШІ ТОП СТУДЕНТТЕРІ ТІГІН ФАБРИКАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің “Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу” мамандығының 3-курс бітіруші топ студенттері облыс орталығы Түркістан қаласының индустриалды аймағында 2 га аумақта бой көтеріп , қарқынды жұмыс жасап келе жатқан “TURKISTAN TEXTILE” тігін фабрикасының жұмысымен танысты. Көршілес Өзбекстан мемлекетімен бірлесіп тұрғызылған аталмыш фабрика текстиль өнімдерін шығаратын қуатты , заманауи өндіріс орны. Қарқынды дамып келе жатқан фабриканың ашылуымен 1000ға тарта жұмыс орындары ашылды. Тігін фабрикасының жұмысымен таныстыру үшін колледждің аға шебері Ж.Раймқұловтың жетекшілігімен “Тігінші” мамандығының өнідірісте оқыту шеберлері Г.Тойлыбаева, А.Сапиева сондай -ақ бітіруші топ студенттері барды. Студенттерге тігін фабрикасында жасалған киім түрлері, арнайы киімдер таныстырылды. Сонымен қатар фабрикадағы заманауи құрал-жабдықтармен қалай жұмыс жүргізу керектігі түсіндірілді. Қазіргі таңда студенттер колледжде білімдерін әбден шыңдап , түлеп ұшуға дайын. Сондықтан болашақта осы тігін фабрикасына жұмысқа орналасу жайынан да хабардар болды. Колледж жастары “TURKISTAN TEXTILE” тігін фабрикасының жұмысымен танысып, жұмысшыларға сәттілік тілеп, фабрика өкілдерімен естелікке фотоға түсіп тарқасты.



Жарияланды: 03.05.202112:26

Автор: