КОЛЛЕДЖ ӘКІМШІЛІГІ

БАС ҚОСҚАН ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің директоры Жанәбіл Болат Серікұлының басшылығымен колледж әкімшілігінің жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі қаралған басты мәселелердің өзектісі облыстағы және аудандағы санитарлық – эпидемиологиялық жағдайға байланысты, ұжымдағы санитарлық тазалық пен сақтық шараларының қатаң сақталуына назар аудару. Қазіргі таңда оффлайн, яғни дәстүрлі түрде білім алып жатқан колледж жастарының, сонымен қатар оқытушылар ,қызметкерлердің денсаулығы басты назарда болуы тиіс. Сондай-ақ колледж басшысы 2-курс студенттерінің әскери оқу-дала жаттығуларының өткізілуі бойынша сөз қозғады. 2-курс студенттері қазіргі таңда онлайн режимде білім алып жатқандықтан оқу-дала жиының өткізу форматын пысықтауды тапсырды. Күн тәртібіндегі келесі мәселердің бірі 2021-2022 жаңа оқу жылына абитуриенттерді қабылдау жөнінде болды. Колледж басшысы жаңа оқу жылына қабылданатын мектеп бітірушілеріне мектептер мен колледждің ресми сайты мен әлеуметтік желілерде үгіт – насихат жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар 2021-2022 оқу жылында атқарылуы тиіс бірқатар жоспарлаға толықтырулар жасалып , пысықталды.


Жарияланды: 03.05.202112:24

Автор: