Ешқандай бұрмалаушылыққа жол бермей адал тапсыру керектігін атап өтті

Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінде “Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы машинист” мамандығының  85 – топ студенттері аралық, және “Аспаз” мамандығы 79 – топ студенттері мемлекеттік демонстрациялық емтихандарын тапсыруда. Емтихандардың өту барысын колледжімізде Төлеби аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің қызметкерлері Абылайхан Тілеубердиев пен Тұрта Дәурен бақылап, оқытушылар мен мемлекеттік емтихандар мен сессия тапсырушы студенттер арасында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениет қалыптастыру, сондай-ақ адалдық , парасаттылық сынды асыл қасиеттерді қастерлеуге шақырды. Студенттер емтиханды өз білімімен , ешқандай бұрмалаушылыққа жол бермей адал тапсыру керектігін атап өтті.


Жарияланды: 22.06.202215:21

Автор: