«Басқару және менеджмент»
«Басқару және менеджмент»

Оқу процесін ұйымдастыруға арналған «Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі» МКҚК және кәсіптік білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құжаттарын басшылыққа алады:колледж жарғысы, ішкі ережелер мен ресми құжаттар және т.б.
Колледжді басқару жүйесінің негізгі міндеттері:техникалық және кәсіптік білім берудің оқу орны ретіндегі колледждің дамуы, білім беру жүйесінің жетілдірілуін қамтамасыз ету, колледж түлектерінің қажетті кәсіби және әлеуметтік құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасау, материалдық-техникалық базасын жақсарту.
Колледжде барлық негізгі процестерді реттейтін ішкі және сыртқы құқықтық актілер базасы құрылды.
Колледжді басқару – колледждің құрылымы мен штат кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Колледжді басқарудың негізгі бағыттары:
- колледждің негізін қалаушы, адами әлеуетті дамыту басқармасы органдарымен, әлеуметтік серіктестермен, жалпы қоғаммен тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету;
- колледждің қазіргі заманға сай сәтті дамуын қамтамасыз ету;
- барлық бөлімдердің өзара іс-қимылын үйлестіру;
- жеке білім беру бағдарламаларын басқару;
- материалдық-техникалық базаны жаңарту және толықтыру;
- оқытуды басқару;
- тәрбиелік білім беруді басқару;
- әдістемелік басқару;
- ақпаратты басқару;
- мамандар даярлау үшін оқу процесінің сапа менеджменті жүйесін қалыптастыру;
- жастар комитетінің жұмысын дамыту.
Колледждің негізгі қызметін колледж директорының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын директордың орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелер басшылары үйлестіреді:
- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
- директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары;
- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ;
- директордың ақпараттық және технологиялар ісі жөніндегі орныбасары;
- директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары;
- бөлім меңгерушілері;
- әдіскер;
- әдістемелік бірлестік жетекшілері;
- кадр бөлімі меңгерушісі;
- бас есепші;
- асхана меңгерушісі;
- кітапхана меңгерушісі және т.б.
Колледж қызметін тікелей басқаруды директор жүзеге асырады. Директор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жауап береді:
- колледж қызметі үшін;
- колледжге жүктелген міндеттерді орындау үшін;
- студенттердің оқу сапасы үшін;
- колледждегі ЖП толық жүзеге асырылуы үшін;
- мүліктің сақталуы және оны толық және тиімді пайдалану үшін;
- колледж қызметкерлерімен еңбек шартын жасасады және тоқтатады;
- оларды көтермелеуді және жаза қолдануды жүзеге асырады;
- үлгілік біліктілік талаптары негізінде колледж қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
- «Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі» МКҚК атынан әрекет етеді;
- өзінің мүдделерін білдіреді;
- өз құзыреті шегінде барлық қызметкерлер мен студенттер орындауға міндетті бұйрықтар шығарады.
Колледж директоры өз міндеттерін орынбасарлары арасында бөледі: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Директордың ақпараттар және технологиялар жөніндегі орынбасары, директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары.
Колледждің қызметі:
- «Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі» МКҚК барлық құрылымдық бөлімшелерінің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға тікелей қатысуы және өзара әрекеттесуі;
- БҒМ «Түркістан облысының адами әлеуетін дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарын, ережелерін, нұсқаулықтарын, нормативтік актілерін орындау;
- Директордың бұйрықтарын орындау;
- Педагогикалық-методикалық кеңестің шешімін орындау;
- Директордың жанындағы кеңестің шешімін орындау:
- «Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі МКҚК жергілікті актілері.
Жедел басқаруды штат кестесіне сәйкес директордың бұйрығымен тағайындалған бөлім меңгерушілері жүзеге асырады. Олардың қызметі колледж директоры бекіткен тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен реттеледі.
Оқу процесін тікелей ұйымдастыру, студенттердің үлгерімі, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау, оқу пәндерін оқыту сапасына директордың оқу ісі , оқу –өндірістік ісі, тәрбие ісі, бөлім меңгерушілеріне, топ жетекшілеріне жүктеледі.
Оқу үрдісін жетілдіру, студенттердің оқу-тәрбие сапасын, әдістемелік жұмыстарды және колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында мыналар құрылды және жұмыс істейді:
- әдістемелік кеңес;
- әдістемелік бірлестік-9;
- жас мұғалімдер мектебі;
- жастар комитеті;
Әдістемелік кеңестің міндеттері мен негізгі қызметтері:
- әдістемелік жұмыстың қазіргі және болашақтағы бағыттарын анықтау, осы бағыттардағы жұмысты жақсарту бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу;
- оқу процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған колледжде инновациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
- жалпы және кәсіби құзіреттіліктің, оның ішінде студенттердің модульдік оқыту аясында қалыптасуын қамтамасыз ету үшін МЖББС талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру сапасын талдау;
-мұғалімдердің алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерін сараптау мен таратуды қамтамасыз ету және т.б.
Жоғары сапалы білім беру процесін қамтамасыз етуге барлық ӘБ қатысады.
Оқытушылар құрамы оқу бағдарламалары пәндерінің циклдеріне сәйкес жеті әдістемелік бірлестікке бөлінеді:
- Гуманитарлы пәндер ӘБ
- Жаратылыстану пәндер ӘБ
- Дене шынықтыру және АӘД пәндер ӘБ
- Арнайы пәндер ӘБ
- Тамақтандыруды ұйымдастыру пәндер ӘБ
- Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу пәндер ӘБ
- Автомобиль көлігіне қызмет көрсету жөндеу және пайдалану пәндер ӘБ
- Қоғамдық пәндер ӘБ
- Дәнекерлеу ісі пәндер ӘБ
ӘБ қызметін басқаруды ең білікті және тәжірибелі оқытушылардың ішінен директор тағайындайтын төрағалар басқарады. ӘБ жетекшілері студенттермен оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүргізеді, бұл олардың жоспарларында көрсетілген. ӘБ жиналыстары айына бір рет. ӘБ жетекшілері комиссия жұмысының нәтижесіне жауапты. ӘБ нәтижелері бойынша жылдың аяғында циклдік комиссиялар жұмысының тиімділігі рейтингісі жасалады.
Колледж әкімшілігі ұжымды мақсаттарына жетуге жұмылдыруға, бәсекеге қабілетті корпоративтік шығармашылық ортаны құруға барлық шараларды қолданады.
Колледж басшылығы студенттер мен қызметкерлерге қатысты төзімсіздік пен кемсітушіліктің кез келген түрінен қорғауды қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.
Екі оқу корпусында студенттерді, қызметкерлерді және колледж қонақтарын дыбыстық ақпараттандыру үшін қатты байланыс қолданылады. Колледждің бірінші және екінші корпустарында колледжге келушілерге көрнекі ақпарат беру үшін ақпараттық панельдер жұмыс істейді, колледждің әрбір қабаттарында тақырыптық стендтер безендірілді. Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, республикалық, облыстық теледидар арналарына ұсынылады.
Студенттермен кері байланыстың тиімділігін арттыруға диагностикалық сауалнамалар және топтың сынып жетекшілері WhatsApp қосымшасында жасаған кері байланыстың әдістері мен құралдары ықпал етеді. Кері байланыс студенттер қызметін талдау және психоррекциялау үшін қолданылады – сауалнама, сұрақтар, топтық пікірталас, Сенім поштасы, рефлексия.
Студенттер, оқытушылар, колледж қызметкерлері арасында сауалнама, әлеуметтік сауалнама жүргізіледі. Сауалнаманы колледждің педагог-психологтары жүргізеді. Оқу орны мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлердің, қызметкерлер мен студенттердің басқару жүйесімен қанағаттану дәрежесін бағалаудың пәрменді құралы болып “Студенттердің оқу нәтижелеріне қанағаттануы”, “Оқытушылардың колледждегі өз жұмысына қанағаттануы” сауалнамасы сияқты әртүрлі сауалнамалар жүргізу болып табылады, бағалаудың пәрменді құралы бұл 2019 жылдан бастап белсенді енгізіле бастады.
Статистикалық өңдеуден кейінгі сауалнама нәтижелері талдамалық жазба түрінде ресімделеді, талдау жасалады , басқарушылық шешімдер қабылдау үшін әкімшілік – қоғамдық кеңесте қаралады. Колледж оқытушылары мен студенттерінің қанағаттану деңгейін мониторингілеу аясында жүргізілген зерттеулерді талдау келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:
- барлық инженер-педагог қызметкерлер колледждегі өз жұмысына және еңбек жағдайларына қанағаттанады;
- жалпы ұжымда әкімшілік, педагогикалық ұжым, қызметкерлер арасындағы тілектестік қарым – қатынас;
- колледж студенттерінің көпшілігі өздерінің студенттік өмірімен қанағаттанады;
- студенттердің 89% – дан астамы колледжде білім алу абыройлы деп санайды;
- олардың колледжді таңдау себебі: біздің колледжде жақсы білім береді деп санайды;
- интернеттің қолжетімділігі -87,7;
- әкімшіліктің ақпараттандырылуы -95,3%.
Оқу үрдісінде және басқаруда ақпараттық технологияларды қолдану үшін колледждің барлық оқу кабинеттері мен зертханалары компьютерлік және мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған. Бұл жабдықтар колледждің техникалық құрал-саймандары оқу бөлмелерінде және шеберханаларында орнатылған.
Колледж директоры және басшылықтың өкілетті өкілдері қызметкерлерге: бұйрықтар, хаттамалық тапсырмалар шығару, кеңестер өткізу, отырыстар өткізу арқылы ақпарат жеткізеді. Персонал ақпаратты басшыға бөлімшеде жауапты адамды не бөлімше басшысын хабардар ету, ұжымдық шарт бойынша ұжым өкілдерін хабардар ету, жеке мәселелер бойынша қабылдау күндері ұйым басшысына жеке келуі арқылы жеткізеді. Қызметкерлер мен бөлімшелер басшылары арасында ақпарат алмасу лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жүргізіледі. Сыртқы ақпараттық ағындар электрондық пошта арқылы іске асырылады. Колледжде 2018 жылдан бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.
Оның мақсаты: студенттер мен қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері мен құқықтарын бұзуға жол бермеу.
Міндеттері:
- білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы білім беру үдерісі субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
- колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету – заңдылық;
- адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
- жариялылық және ашықтық;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Аталған бағдарламаны әзірлеуге мынадай құжаттар негіз болды:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы;
- Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған кешенді жоспары;
- «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы Колледждің алқалы басқару органдары;
- Педагогикалық кеңес;
- Қамқоршылық кеңесі;
«Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі» МКҚК «Жарғысына» сәйкес оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы мәселелерін шешуде алқалылықты қамтамасыз ету үшін студенттерді оқыту мен тәрбиелеуге тікелей қатысатын колледж педагогтары мен қызметкерлерін, жұмыс беруші кәсіпорындарынан, ата-аналар комитетінен және колледждің Жастар комитетінің төрағасын біріктіретін педагогикалық кеңес құрылды және жұмыс істейді. Педагогикалық кеңес-бұл жоғары педагогикалық алқалы басқару органы, оның міндетіне білім беру процесінің сапасын, оның шарттары мен нәтижелерін орындау және жетілдіру кіреді.
Жыл сайын колледж бойынша бұйрықпен педагогикалық кеңестің құрамы бекітіледі. Педагогикалық кеңестің жоспарлы отырыстары екі айда бір рет кезеңділікпен өткізіледі, кезектен тыс отырыстар қажеттілігіне қарай өткізіледі. Педагогикалық кеңестің отырыстарында қаралатын мәселелер өзекті және бақылаушы, түзетуші, тәрбиелік, оқыту сипатында болады. Педкеңестің шешімдері арқылы, оларды орындау мерзімдері анықталды. Жоспарланған іс-шаралардың орындалуын бақылау жолға қойылған.
Педагогикалық кеңестің басты міндеттері:
- білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
- педагогикалық ұжымның қызметін оқу-тәрбие процесін жетілдіруге бағыттау.
- Колледждің жалпы әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыстың мазмұнын әзірлеу;
- инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің тәжірибелік қызметіне педагогикалық ғылым мен озық педагогикалық тәжірибені енгізу.
- техникалық және кәсіптік білім беру кадрларын даярлау бойынша нормативтік құқықтық актілерді орындау бойынша іс – шараларды қарау;
- оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстың жай-күйі, барлық оқыту бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелері, оқытудың жаңа технологияларын енгізу.
- әдістемелік бірлестіктердің, оқу – көмекші бөлімшелердің жұмыс жағдайы.
- орынбасарлардың , оқытушылар мен көмекші қызметкерлердің біліктілігін арттыру, біліктілікті арттырудың жаңа формаларын қолдану мәселелері;
- студенттерді қабылдау, бітіру және жұмысқа орналасу мәселелері;
- студенттердің тәртіптік жағдайы, үлгерімі нашарлығы, ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны және жатақханада тұрғаны үшін студенттерді шығарып салу, сонымен қатар кейбір жағдайларда студентті білім беру ұйымында қалпына келтіру мәселелері;
- оқу процесін компьютерлендіру жағдайы;
- студенттер контингентін сақтау;
- студенттерге тұлғалық-бағдарлы тәрбие және білім беру;
- еңбек нарығының және республика экономикасының даму перспективаларына сәйкес оқыту мәселелері.
Педагогикалық кеңестің шешімдері бақыланады, жауапты адамдар оқу –тәрбие процесін ұйымдастыруды жақсартуға ықпал ететін шешімдердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді.
Колледжде Қамқоршылар кеңесі 2018 жылдан бастап жұмыс істейді, оның құрамына әлеуметтік серіктестердің, жергілікті атқарушы органдардың, ата-аналар қауымдастығының өкілдері, барлығы 7 адам кіреді.
Қамқоршылық кеңестің құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережесінің негізінде бекітілді.
Колледждің Қамқоршылық кеңесі келесі функцияларды атқарады:
- колледж студенттерінің құқықтарының сақталуын қоғамдық бақылау жүзеге асырады;
- колледжді дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар жасайды;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ұйымдастыру шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
- қайырымдылық көмек түрінде алынған қаражатты бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
- колледж басшысының есептерін тыңдайды;
- колледж қызметі бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады.
Алқалы басқару органдарының жұмысы жоспарланған ұйымдастыруды және ағымдағы мәселелерді де қарастырады.
Колледжде кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғаларға директор мен әкімшіліктің жеке қабылдауын өткізу тәртібі ұйымдастырылған. Студенттерді, оқытушыларды , барлық құрылым бөлімдерінің ата-аналарын күнделікті қабылдау жүзеге асады.
Колледж қызметіне қатысты барлық сұрақтар ашық және қол жетімді.
Бірінші ғимараттың фойесінде ақпараттық стендтерде сабақ кестесі, оқу процесінің кестесі туралы ақпарат орналастырылған.
Колледждің жоспарлары мен міндеттері ақпараттық стендтерде көрсетілген.
2-стандарт «Басқару және менеджмент» бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары | Әлсіз жақтары |
1. Колледжді басқару схемасы қол жетімді.
2.ӘБ рейтинг жүйесі. 3. Қамқоршылар кеңесі. 4. Жастар комитеті 5. Директордың жанындағы кеңес |
1.Электрондық құжат айналымының жеткіліксіз енгізілуі.
2.Басқарудың автоматтандырылған жүйесінің болмауы
|
Мүмкіндіктер | Қауіптер (қатер) |
1. Электрондық құжат айналымына көшу.
2.Ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті арттыру. |
1.Материалдық, техникалық, ақпараттық, кітапхана ресурстарының құнының үнемі өсуіне әкелетін инфляциялық процестер. |
Всего комментариев: 0