“БАРШАҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН КӘСІПТІК БІЛІМ”, “КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ- КЕЛЕШЕКТІҢ КЕПІЛІ”

 

Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінде
«Баршаға арналған тегін кәсіптік білім» жобасы шеңберінде техникалық және кәсіптік біліммен қамту және техникалық және кәсіптік білімнің әлеуетін арттыру және мектеп оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында «Кәсіптік білім беру – келешектің кепілі» тақырыбындағы «Ашық есік күні» өтті. Аталған іс-шараға Көксәйек ауылдық округіне қарасты жалпы орта мектептердің 9-сыныпты бітіруші түлектері қатысты. Қазақстан ЖОМ,Төлеби атындағы ЖОМ, М.Х.Дулати атындағы ЖОМ, Көксәйек НОМ , және Жеңіс ЖОМ-нің оқушылары осы іс-шараға қатысып , колледж базасы мен мамандықтарға экскурсия жасады. Сондай-ақ мектеп оқушыларына арналған жиында «Жас маман» жобасы бойынша халықаралық стандарттарға сай білім беру негізі» тақырыбында, «ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлкеттік бағдарламасындағы Worldskills қозғалысын дамыту» сонымен қатар “Баршаға арналған тегін кәсіптік білім” жобасы шеңберінде техникалық және кәсіптік біліммен қамту және техникалық кәсіптік білімнің әлеуетін арттыру мақсатында ақпараттандыру-насихаттау жұмысы бойынша сала мамандары баяндама жасады. «Колледждің жетістіктері мен алдағы мақсаттары туралы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілімі болды.


Жарияланды: 03.03.202015:15

Автор: