«Антыңа адал бол – Жас Сарбаз»

«Антыңа адал бол – Жас Сарбаз»
Түркістан көпсалалы – техникалық колледжінде 03.05.2022 ж басталып 5 – күнге созылған оқу – дала жиыны салтанатты шерумен бүгін өз мәресіне жетті . болашақ елін қорғаушы жас өрендер осы күндері  арнайы бекітілген ҚР – сы қарулы күштерінің әскери рәміздері, саптық дайындық, әскери тәртіп және оның маңызы, майдан алаңында маневр жасау, атыс қаруларын қолдану, тақырыптары бойынша, ал студент қыздар медициналық алғашқы көмек көрсетудің қыр – сырын оның ішінде – Азаматтық қорғаныс дәрігерлік қызметінің негізгі міндеттері, жараланғандарға алғашқы көмек, сүйек сынықтары жөнінде түсінік және оның белгілері т.б теориялық және практикалық сабақтарды оқып үйренді. Шеру соңынан мекеме басшысы Б.Жанәбіл атқарылған жиынға оң баға беріп, оқу – дала жиынына ат салысқан азаматтар мен азаматшаларға алғысын білдіріп, бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар жариялады.


Жарияланды: 12.05.202208:02

Автор: