ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы бойынша қамқоршылық кеңесінің жиналысы өткізілді.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша, директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары Б.Жолшыбеков кеңес құрамына енгізілген​ өзгерістерді атап өтті.

Кеңесте қамқоршылық кеңесінің жоспар бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.

Қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқыға сала отырып,білім беру ұйымының қызметі туралы,қайрымдылық көмектің жұмсалуы жайында ұсыныстар білдірді.Колледждегі аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан студенттерге көмек көрсету жұмыстары талқыланды.Кеңес мүшелері өз тараптарынан демеушілік жасауға және қайырымдылық көмек беретін демеушілерді табуға ұсыныс білдірді.

Жекелеген санаттарына қарай студенттерге көрсетілетін көмектер мен жеңілдіктерге ұсыныстар жасалып,әрі қарай іс-шаралар өткізу арқылы студенттерге көмек көрсету туралы шешім қабылданды.


Жарияланды: 02.02.202207:39

Автор: