Алғыс айту күні.
Алғыс айту күні – Қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды “Алғыс айту күні” деп жариялады. Осыған орай Түркістан көпсалалы техникалық колледжі кітапханасында, кітапханашы Гулнар Серсаулетованың ұйымдастыруымен колледж студенттерімен “Алғыс айту парызым” тақырыбында іс-шара аталып өтілді. Іс-шара барысында студенттер ата-аналарына, оқытушыларына және бір-біріне “Алғыс хаттарын, тілектерін айтып”…халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастыратындарын жеткізді.