«АДАЛДЫҚТЫҢ БАСТАУЫ – САНАЛЫ ҰРПАҚ»


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырмасымен жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, адалдық қағидаттарын  қалыптастыру, елін жерін сүйетін, саналы да адал азамат тәрбиелеу мақсатында «АДАЛДЫҚТЫҢ БАСТАУЫ- САНАЛЫ ҰРПАҚ» тақырыбында 18 сәуір ” Түркістан көпсалалы – техникалық колледж” МКҚК -ның АКТ залында колледждің қазіргі таңда білім алып жатқан І және ІІ ші курс студент жастарымен кездесу және Түркістан облысы бойынша antikor. кеңсесінің дайындаған бейне ролигі  көрсетілді. Кездесуде Төлеби аудандық “Аманат партиясы” жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты  Шырынбек Айдос Қанатұлы, Төлеби аудандық “Жастар ресурстық орталығының” басшысы, Түркістан облысы,Төлеби ауданы “Адалдық алаңы” кеңсесінің жетекшісі Ескулов Пердебек мырзалар студент жастарға келелі кеңестерін айтып, адалдыққа және осы бастан  сыбайлас – жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға шақырды. Бейне роликті қөріп шыққан студенттер өз ойларын ортаға салып, пікірлерін жеткізді.


Жарияланды: 19.04.202212:43

Автор: