«Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаттары мен құндылық бағыттары – тақырыбында облыстық турнир, пікір-сайыс өткізілді

Түркістан облысы

                  адами әлеуетті дамыту

басқармасының

        басшысы Р.Жолаевқа

 

Мәлімет

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының ТжКБ саласының медиа жоспарына сәйкес 26.10.2020 жылы, «ZOOM» платформасында онлайн режимде, ТжКБ беру ұйымдарының білім алушылары  арасында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаттары мен құндылық бағыттары – тақырыбында облыстық турнир, пікір-сайыс өткізілді. Аталған іс-шараға адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты 27 колледжден 72 студент қатысты. Атап айтатын болсақ, Сарыағаш медресе колледжінің студенті,Оразқұл Шерхан, 6 –сұрақ «Рухани жаңғырудың» 4 кіші бағдарламасының бірі «Рухани қазына» туралы не білесіз соған байланысты облысымызда қандай өзгерістер болды- деген сұраққа нақты әрі толық жауап берді, сонымен қатар, 7-сұрақтағы Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің «Тігінші» мамандығында оқитын 2,3 курс студенттерінің арасындағы өтіп жатқан дефиле-шоу сайысының суретіне қарап ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы қай тақырыпты қозғауға болады деген де, сайыскерлер ұлттық бірегейлікті сақтау деп жатты, ал Шерхан нақты «Бәсекеге қабылеттілік» деп өз ойын нақты әрі толық жеткізе білді.

Түркістан жоғары көпсалалы қол өнер колледжінің студенті Ашимбекова Мерейдің де берген жауаптары нақты әрі толық болды, әсіресе 8-сұрақ,  «Рухани жаңғырудың» тәрбие және білім кіші бағдарламасындағы «Қоғамдық ұйымдар құру» деген жобасы аясында білім ошақтарында «Еріктілер» клубтары ашылды, олар қандай қызмет атқарады – дегенсұраққа берген жауабы, пандемия кезіндегі сол «Еріктілердің» көмегі туралы, су тасқынынан зардап шеккен аумақтарға берген көмектері туралы және Арыс қаласына берген «Еріктілердің» зор көмегін атап өтті. Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлы- техникалық колледжінің студенті, Мұса Ұлбала, Қапланбек жоғары колледжінің студенті, Тұрғанбек Асылхан, М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің студенті,Қаржауов Медеу, Көпсалалы- индустриалды коледжінің студенті, Айдар Рабиға, Медеш Жомарт Арыс гуманитарлық колледжінің студенті, Мейірбейс медицина колледжінің студенттері, де сұрақтарға белсене жауап беріп өз ойларын жеткізе білді. Пікір сайысқа белсенді қатысқан студенттер Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі директорының «Алғыс хатымен» марапатталатын болады.

                 Директор                                                                   Б.Жанәбі

 

Орындаған:Б.Жолшыбеков

87022931572

 

 

ТжКБ білім алушыларының арасындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаттары мен құндылық бағыттарын талқылауға арналған пікір – сайыс  облыстық  турнир

ЕРЕЖЕСІ

 

Өткізілетін орны: Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылы, Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі

Өткізілу уақыты:11:00

26.10.2020ж

1.Пікір-сайыс мақсаты:«Рухани жаңғыру» бағдарламаның қағидаттары мен құндылық бағыттарын сипаттап  патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;

Студенттердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

 

2.Пікір-сайысқа қатысушылар: Пікір-сайысқа Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысады.

3.Пікір – сайыстың  ұйымдастырылуы:

  • Пікір-сайыс жалпы басшылығын Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасымен облыстық әдістемелік орталық жүзеге асырады.

4.Пікір –сайыс бағыттары:

1  ХХІ ғасырдағы ұлттық сана

2  « Туған жер» арнайы жобасының 4 кіші бағдарламасы

 

Пікір-сайыс қазақ тілінде жүргізіледі

(Пандемияға байланысты пікір – талас қашықтықтан өткізіледі)

ЗУМ арқылы өткізіледі, иденфикароры мен кодын алдын –ала жіберіледі

 

 

  1. Пікір сайысқа қатысушы студенттерге қойылатын талаптар:

      Пікір- сайыс ережелерін сақтау. Сөз мәдениетін сақтап, берілген тақырыптан ауытқымай өз ойын жеткізу. Киім киіс мәдениеті студентке сай болуы тиіс /форма/


Жарияланды: 27.10.202008:59

Автор: