2 – ші курс студенттеріне ашық тәрбие сағатын өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министрлігінің 2021 жылғы 16 – шы қарашасындағы № 358 ші бұйрығына сәйкес Қазақ ССР – нің халық әртісі, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (СССР )– нің халық әртісі ,халық қаһарманы, қазақ ән өнерінде өзіндік өршіл үнімен танылған айтулы әнші,   Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына  орай Түркістан көпсалалы – техникалық колледжінде «Қазақ бұлбұлы» тақырыбында оқытушы Султанкулова.М  2 – ші курс студенттеріне ашық тәрбие сағатын өтті.  Тәрбие сағаты барысында студенттер әншінің «Асыл арман» әнін хормен дауыстап айтып, өмір жолымен толыққанды танысып шықты. Жалпы ашық тәрбие сағатын өтудегі мақсат – Әнші Роза Бағланованың өмірімен, шығармашылығымен танысу, ұлтымыздың вокалды оркестрінің қайраткерлер өмірімен таныс болу, музыкалық білімдерін шыңдай түсу,студенттердің патриоттық сезімдерін ояту,сондай- ақ ән орындауға дағдыландыру.


Жарияланды: 17.03.202210:33

Автор: