Тұлпар мініп, ту алған» атты өнер фестивалі өтті

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 24.11.2021 жылғы № 365 шығыс хатына сәйкес, облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен бүгін 07.04.2022 ж Түркістан көпсалалы – техникалық колледжінің АКТ залында Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне 30 – жыл толуына орай «Тұлпар мініп, ту алған» атты өнер фестивалі өтті. Аталған шара колледж студенттерінің орындауындағы патриоттық рухтағы хормен басталып, әрі қарай арнайы дайындалған қазақтың әсем әндері мен күмбірлеген домбырасын, қоңыр үнді қобызын танытып, қазақтың терең тарихына байланысты адам жанын қозғар көріністер қойылып, жалпы жұртты тәнті етті. Шарада қойылған нөмерлерге облыс орталығынан келген төрешілер мен колледж директоры Б.Жанәбіл мырза тиісті ұпайларын беріп отырды.   Ал өнер фестивалінің ашылу салтанатына қатысқан аталмыш орталық директоры Б.Ешенкулов қатысушыларға сәттілік тілеп, облыстың барлық аудан-қалаларында ұйымдастырылып жатқан шараның қорытынды кезеңі Мамыр айында болатынын жеткізді.  Жалпы фестивальді ұйымдастырудағы мақсат жас таланттардың шығармашылығын шыңдай отырып, өнерлі өрендерді қолдау болып табылады.

 


Жарияланды: 09.04.202216:49

Автор: