13 ҚЫРКҮЙЕК ОТБАСЫ КҮНІМЕН

Құрметті әріптестер! Баршаңызды Отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 2013 жылдан бері қазақстандықтар отбасын күнін атап өтеді.

Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашаққа игі қадамы. Отанға деген сүйіспеншілік те отбасынан басталмақ. Біздің қоғамның аса бір өнегелі негіздерінің бірі – мықты да сенімді отбасын құрып отырған көпбалалы отбасыларына ерекше ризашылығымызды білдіргіміз келеді.

Елімізде осындай шаңырақ иелері көбейіп, олардың ортасында еліміздің ертеңі – жас жеткіншектеріміз де алаңсыз өсіп-өне берсін. «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. Табандылық, еңбексүйгіштік, туған жерді қастерлеу, үлкенге құрмет және қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары берік отбасылық дәстүрлер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді». Әрбір отбасына құт-береке , зор денсаулық, амандық-саулық, әрбір отбасына баянды бақыт тілейміз!

Ізгі ниетпен,

Түркістан көпсалалы-техникалық

колледжінің ұжымы.


Жарияланды: 16.09.202008:58

Автор: